
Аудан тұрғындарын қауіпті індеттен сақтандыру, санитарлық нормалардың қатаң сақтауды қадағалау мақсатында құрылған мобильдік мониторинг топтарының жұмысы нәтижесінде анықталған құқықбұзушылық бойынша 2020 жылдың 24 қарашасында аудандық санитариялық –эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан жеке тұлғалар, Калиева Анар, Кадырова Айгуль және «Бөдей Мырза» дүкеніне Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 425 бабының 1 тармағында көрсетілген талаптарды сақтамауына байланысты тәртіптік жазаға тартылды. Жалпы 401 810 теңге көлемінде айыппұл салынды.