
13-қараша Халықаралық зағиптер күні. БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1992 жылдан бері аталып өтетін бұл күннің зағип жандар үшін өзіндік орны бар. Бұл күн тағдыр соқпағымен маңдайына жазылған қиындыққа мойымай, жігерлі қасиетімен алға қадам басқан олардың қоғамның толыққанды бір мүшесі екенін сезінуіне қайрат қосары сөзсіз. Бұл күннің белгіленуі қоғамның назарын зағип жандарға аударту және олардың өмірін жақсарту.
Қазақ соқырлар қоғамдық бірлестік Аягөз аудандық бастауыш ұйымы 2011 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Зағип жандарды қоғамдық ортаға тарту, психологиялық көмек көрсету, оңалту жұмыстарын жүргізу мақсатында мәдени, спорттық іс- шаралар, түрлі тақырыпта көрмелер ұйымдастырылады. Аягөз қаласының зағиптер қоғамында 60-тан аса адам бар. Жетекшісі: Елшібекова Құралай Шерлыханқызы. Қоғамда кез келген жан әлеуметтік мәртебесіне қарамастан тең құқылы. Бұл тұрғыда зағип жандар да мемлекет қамқорлығынан тыс қалмаған. Аудандық музейде алдағы уақытта зағип жандардың қолынан шыққан бұйымдары арасында қолөнер көрмесі ұйымдастырылады. Мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады.
«Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК-ның Аягөз қаласындаңы филиалы