Тұрғын сектордағы өрт қауіпсіздігі

Тұрғын сектордағы өрт қауіпсіздігі

Аягөзауданының ТЖБтұрғын сектордағы өрттердің алдын алу бойынша бірқатар кешенді іс-шаралар өткізуде. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маусымдық алдын алу шараларының бірі өрт қауіпсіздігі айлығы шеңберінде, сондай-ақ әртүрлі акциялар, өрт қауіпсіздігі сенбіліктері шеңберінде өткізілетін алдын алу іс-шаралары болып табылады.

Өрт-алдын алу жұмыстары үшін инженерлік-инспекторлық құрамы мен Аягөз қаласының өрт сөндіру қызметкерлерімен пеш жылуы бар тұрғынүй секторындағы өрт қауіпсіздігі шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Осы іс-шаралар аясында 13-15 қазан аралығында Баршатас, Байқошқар, Малкелді, Емелтау, Мәдениет, Қосағаш ауылдарында 15-16 қазан аралығында Бидайық, Өркен, Көксала, Айқыз, Бозай, Батпақ және 20-22 қазан аралығында Ақтоғай, Қопа, Тарлаулы, Ақши  ауылдарында  рейд өткізілді. ТЖ Бөлім қызметкерлері мен №22 ӨС Бөлімі рейд барысында әр үйге кіріп, аралау барысында үй иелеріне жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі,балалардың отпен ойнауы бойынша жадынамаларды тапсырып, сондай-ақ мысал ретінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзушылықтарын көрсетті.

Аталған іс-шараның мақсаты тұрғын үй секторында өрт санын азайту,жарақат алғандардың санын азайту және өрт кезінде адамдардың қаза болуын азайту болып табылады. Осы іс-шара жылыту маусымы аяқталғанша жалғасады.

Аягөз ауданының ТЖБ инженері Ниязханов М.