«Береке мен бірлік, татулық» атты танымдық дәріс

«Береке мен бірлік, татулық» атты танымдық дәріс

2020 жылы 12 қазан күні «Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМКҚ-ның Аягөз қаласының филиалында 18 қазан - Рухани келісім күніне орай «Береке мен бірлік, татулық» атты танымдық дәріс өткізілді.

Дәріске №5 мектептің 7 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі қатысты. Жас ұрпаққа Рухани келісім ұғымын түсіндіру  мақсатында Аягөз қаласының орталық мешітінің бас имамы Думан Сайфуллин, наиб имам Руфхат Жұмағалиұлы қатысты. Қонақтар береке мен бірлік, татулық жайында өз ойларымен бөлісті. Рухани келісім негізінде біздің ұлтымызға тән  үлкенді сыйлау, отбасына құр­мет, балаларға  қамқорлық, қонақжайлылық, татулық, достық, ауызбіршілік тәрізді ізгі ортақ құндылықтар берік орнату жайлы әңгімеленді.  Дәріс мақсаты: осы құндылықтарды қадірлей білу, оны жас ұрпақтың жүрегіне ұялату. Шара барысында оқушылар да өз пікірлерін ортаға салды.