Тұрғын сектордағы өрт қауіпсіздігі

Тұрғын сектордағы өрт қауіпсіздігі

Аягөз ауданының ТЖБ Актогай ауылдық округінің ЖАО бірлеіп тұрғын сектордағы өрттердің алдын алу бойынша бірқатар кешенді іс-шаралар өткізуде. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маусымдық алдын алу шараларының бірі өрт қауіпсіздігі айлығы шеңберінде, сондай-ақ әртүрлі акциялар, өрт қауіпсіздігі сенбіліктері шеңберінде өткізілетін алдын алу іс-шаралары болып табылады.

Өрт-алдын алу жұмыстары үшін инженерлік-инспекторлық құрам Аягөз қаласының өрт сөндіру қызметімен пеш жылуы бар тұрғын  үй секторындағы өрт қауіпсіздігі шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Осы іс-шаралар аясында Ақтоғай ауылдық округінің Ақтоғай ауылында рейд өткізілді. Бөлім қызметкерлері рейд барысында әр үйге кіріп, аралау барысында үй иелеріне жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі, балалардың отпен ойнауы бойынша жадынамаларды тапсырып, сондай-ақ мысал ретінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзушылықтарын көрсетті. Осы рейдтің нәтижесінде 140-тан астам үй араланып  320 адам қамтылды.

Аталған іс-шараның мақсаты тұрғын үй секторында өрт санын азайту және жарақат алғандардың санын азайту және өрт кезінде адамдардың қаза болуын азайту болып табылады.

 

 

Аягөз ауданының ТЖБ инженері

Ниязханов М.