Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамаларды алу

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамаларды алу

Парақшамыздың #oqy&toqy айдарында бүгін біз АХАТ бөлімі арқылы алынатын негізгі куәліктердің қайталама баламасын немесе құжат туралы анықтамаларды электронды форматта алу жолы жайлы айтып береміз. Ондай болса:

Egov.kz порталына кіріңіз;

Іздеу жолында «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» деген қызмет атауын теріңіз;

Қызмет парақшасынан онлайн алуға болатын куәліктер тізімінен қажеттісін таңдаңыз;

Куәлік атауын басу арқылы қызмет алу парақшасына өтіңіз;

Портал талап еткен барлық мәліметтерді толтыру арқылы қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;

Қандай куәліктердің қайталама баламасын немесе анықтамасын онлайн алуға болады?

Некеге тұру туралы куәліктің;

Некені бұзу туралы куәліктің;

Туу туралы куәліктің;

Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәліктің;

Әкелік құқықты бекіту туралы куәліктің;

Ұлды/қызды асырап алу туралы куәліктің:

Қызмет көрсету құны:

Қайталама куәліктер үшін – 1 АЕК

Анықтама үшін – 0,3 АЕК