Аудан бойынша аптасына бір рет шығатын "Аягөз жаңалықтары" газеті жұмыс істейді.
Аудандық "Аягөз жаңалықтары" газетінің редакциясы - өз қызметі есебінен қаржыландырылатын шығармашылық ұжым, мекеме. Әр жұма күні келісім шарт негізінде Өскемен қаласында басылады. Газет Аягөз ауданының тұрғындарына уақытылы беріліп тұрады.
Аудандық "Аягөз жаңалықтары" газетінің материалдық-техникалық базасы өз дәрежесінде. Интернет желісімен тұрақты байланыс орнатылған. Ұжым құрамында 3 тәжірибелі журналист еңбек етеді. Редакторы-Дайырбаев Ермек.
2022 жылы аудан тұрғындары аудандық газеттің 2500 данасына қол қойды.
Аудан тұрғындары арасында мемлекеттік саясатты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау аудан әкімдігі мен аудандық "Аягөз жаңалықтары"газеті арасында жасалған келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады.