Аягөз ауданының әкімі Айбек Серікболұлы Ақшәулі ауылының тұрғындарымен кездесіп, ауылдағы өзекті мәселелерді талқылады.
Кездесу барысында тұрғындардың өтініш-тілектері тыңдалып, елді мекендегі жарық мәселесі бойынша ұсыныстар айтылды. Аталған мәселені шешу жолдары қарастырылып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, күзгі-қысқы маусымға дайындық жұмыстарын бақылап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Тиісті жауапты мамандарға жұмыстарды сапалы әрі уақытылы аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.