Меню

Страницы

Статья

Кәсіпкерлік және туризм

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың болжамды көлемі 50 млрд.теңге, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңіне 125,3% (2025 ж. – 39 млрд. 913 млн.теңге), нақты көлем индексі 117% құрамақ. Жоспар-тапсырма 76,1%-ға орындалуы жоспарлануда (жоспар-тапсырма – 65712,4 млн.теңге).

Ауданның болжамы бойынша маусым айының болжамы 8 млрд. 426 млн.теңге (қаңтар-маусым – 50 млрд.теңге), бүгінгі күнге кәсіпорындар тарапынан 1 - инвест ститистикалық есептілік 7 млрд. 639 млн.теңгеге тапсырылды. Болжамды көрсеткішті орындау үшін қосымша 788 млн.теңге инвестиция қажет.

Кәсіпкерлік басқармасының жоспар- тапсырмасы маусым айна 24 млрд. 139 млн.теңге (қаңтар-маусым – 65 млрд.712 млн.теңге). Облыстық жоспар-тапсырманы орындау үшін қосымша 16 млрд. 500 млн.теңге көлемінде инвестиция қажет.

 Құрылыс жұмыстарының болжамды көлемі 13 млрд. 600 млн.теңге, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңіне 104% (2025 ж. – 13 млрд. 79 млн.теңге), нақты көлем индексі 100,1%-ға құрамақ. Жоспар-тапсырма 90,7%-ға орындалуы жоспарлануда ( жоспар-тапсырма – 15 млрд.теңге).

Бүгінгі күнге кәсіпорындар тарапынан 1 - КС ститистикалық есептілік 1 млрд. 723 млн.теңгеге тапсырылды. Болжамды көрсеткішті орындау үшін қосымша 2 млрд. 378 млн.теңге, сонымен қатар алдынғы айларда алынған қосымша есепті жабу мақсатында 5 млрд.теңге көлемінде кәсіпорындар тарапынан есептілік тапсырылуы қажет.

2026 қаңтар-маусым айларында 8054 шаршы метр тұрғын үй іске қосылу жоспарлануда, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңіне 57% (2025 ж. – 14134 шаршы метр). Жоспар-тапсырма 100%-ға орындалуы жоспарлануда (жоспар-тапсырма – 8054 шаршы метр).

Өсу қарқыны төмен болу себебі 2025 жылдың 6 айында тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 14134 шаршы метрді құрады. Оның ішінде 6759 шаршы метр жеке тұрғын үй құрылысы, 5515 шаршы метр 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын құрылысы және 1860 шаршы метр Каз минералз ЖШС Кереге вахталық қалашығының құрылысы есебінен болды.

2026 жылдың 5 айында тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 6097 шаршы метрді құрады. Ағымдағы жылдың 6 айында жоспар тапсырма 8054 шаршы метр. Бұл көрсеткіш жеке тұрғын үй құрылысы есебінен орындалады.

Бөлшек сауда тауар айналымының  болжамды көлемі 15 млрд. 900 млн.теңге, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңіне 113,8% (2025 ж. – 13 млрд. 969 млн.теңге), нақты көлем индексі 101,0% құрамақ. Жоспар-тапсырма 100,1%-ға орындалуы жоспарлануда (жоспар-тапсырма – 15 млрд. 894 млн.теңге).

Көтерме сауда айналымының болжамды көлемі 19 млрд. 150  млн.теңге, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңіне 112,7% (2025 ж. – 16 млрд. 985 млн.теңге), нақты көлем индексі 101% құрамақ. Жоспар-тапсырма 102,5%-ға орындалуы жоспарлануда (жоспар-тапсырма – 18 мрд. 679 млн.теңге).

Шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің болжамды саны 5530 бірлік, өсу қарқыны 100% құрамақ (2025 ж – 5530 бірлік). Жоспар-тапсырма 97,6%-ға орындалмақ ( жоспар-тапсырма - 5663 бірлік).

Аягөз ауданының туристік потенциалы

Аягөз ауданы – абыздар елі, батырлар мекені. Аягөз жерінде А.Құнанбаевтың, Ш.Уәлихановтың, П.Семенов-Тянь Шанскийдің, Г.Потаниннің, А.Янушкевичтің ізі қалған. Аягөз жері - аңыздар жері. Аягөз ауданының тарихын көптеген белгілі адамдар жырына қосқан. Олардың ішінде: ақын Дулат Бабатайұлы, Ақтамберді жырау, белгілі айтыс ақыны Әріп Тәңірбергеновтерді атап өтпеске болмас.

Жер көлемі жағынан республика бойынша үшінші алып аудан саналатын Аягөз ауданы кеңдігімен ғана емес түрлі жәдігер ескерткіштер мен тарих таңбаларына бай өлке. Аудан аумағында тарихи ескерткіштер көп. Олардың ішіндегі ең танымал ескеркіштерге тоқталып өтейік. 

Қозы Көрпеш – Баян Сұлу мазары – 10 – 11 ғасырларда тұрғызылған сәулет өнері ескерткіші. Аягөз ауданы Тарлаулы ауылдық округі Таңсық ауылына таяу, Аягөз өзенінің оң жағалауында орналасқан. Мазар туралы алғаш жазған академик И.П. Фальк (1771). 19 ғасырдың 30-жылдары В.Федоров, 40-жылдары А.И. Шренк, Ш.Уәлиханов (1856), Н.А. Абрамов (1858), М.Путинцев (1863), Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетек. Ә.Марғұлан) зерттеген (1952).

Қозы Көрпеш — Баян Сұлу — XIII-XIV ғасырлардан бастап жырланып, XIX ғасырдың ортасында қағазға түскен қазақ халқының лиро-эпостық жыры. Поэма Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже ақындардың орындауында ауызша таралған. 20-ға жуық нұсқасының ішінен ең белгілісі - Жанақтың нұсқасы. Алғаш ел арасынан жинап, хатқа түсіргендер: Г.Саблуков (1830), Ғ.Дербісалин (1834), А.Фролов (1841), Шоқан Уәлиханов (1856). Жырдың мазмұнын М.Путинцев орыс тіліне аударып бастырды (1856), кейін В.Радлов «Түркі тайпаларының халық әдебиеті үлгілері» жинағының 3-томына еңгізді (1870).

Балтабек қажы кесенесі — 20 ғасырдың басынан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Аягөз ауданында Ай өзінінің оң жағалауындағы тегіс қыратта орналасқан. Қазақстандағы саздан жасалған ең биік кесенелердің бірі.

Балтабек Байсұлтанұлы, Балтабаек қажы (1860 ж. Жетісу облысы Лепсі уезінің Сергиополь округі, Тауқұм-Балқаш болысының №6 ауылы - 1921, Лепсі) - қазақ биі, қоғам қайраткері, қажы. Қаракерейден тараған Семіз Найман табының Қожан деген атасының ұлы. Әкесінен 13 жасында жетім қалған. 14 жасқа дейін ауыл молдасынан хат танып, сауатын ашқан. Өте қарулы, қайратты, жастайынан зерделі, зерек болып өскен. Балтабек қажы Найман еліндегі айтулы үш шежірешінің бірі.

Әулие қыз мазары - 18 ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Аягөз ауданы Малкелді ауылдық округі Жорға ауылынан батысқа қарай 3 шақырым жерде орналасқан. Әулие қыздың кім екені жайлы дерек жоқ, бірақ ол жерленген бейіт орналасқан тұстың жоғары жағынан 5 шипалы бұлақ ағып шығып, жылға құрайды. Әулие Қыз мазарын жергілікті тұрғындар киелі орын ретінде қастерлейді.

Дала дарыны Дулат Бабатайұлы 1802 – 1874 жылдары өмір сүрген. («Бес ғасыр жырлайды» кітабында 1802-1871 жылдар деп көрсетілген.) Ол қазіргі Аягөз ауданы Ақшатау ауылдық округі Сандықтас – Ақжайлау деген жерде туған. Ақынның жерленген жері де осы жер. Орта жүз құрамындағы найман тайпасынан шыққан. Өмірі туралы деректер толық зерттелмеген. Дулат Бабатайұлы  — көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. 1880 жылы Қазанда жарық көрген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның замана туралы толғаулары енген.

Шақантай батырдың мазары қазіргі Аягөз ауданына қарасты Шұбартау өңіріндегі Бақанас өзенінің бойындағы «Орта Қарауыл» төбесінде орналасқан.

Шақантай Жауғашарұлы (1706 — 1791) — батыр. 1706 жылы, Алтай тауының Сауыр деген жерінде дүниеге келген. Орта жүз руы – Абақ Керей ішіндегі Жастабан. 18 ғасырда өмір сүріп, қиын-қыстау кезеңде қансыраған халқына қалқан, қорған болған. Қазақ-жоңғар соғысында қазақ халқының қас батырлары, бас батырлары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, ер Жәнібектермен бірге бірнеше шешуші шайқастарға қатысқан. 14 жасынан жоңғарларға қарсы күреске бастан аяқ қатысқан. Қазақ — жоңғар соғысында Қабанбай, Жәнібек тархан, тағы басқа батырлармен бірге ірілі-ұсақты 34 шайқаста ерлік көрсеткен. 1724 ж. Қабанбай батыр бастаған отыз мың әскер Аягөз өзені бойында жоңғарлармен арадағы соғысында 18 жасар Шақантай жоңғар батырын жекпе-жекте жеңіп, батыр атанды.

Байғара би және Ақтайлақ би кесенелері Аягөз қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 78 шақырым, Сарыарқа ауылдық округінің Сарыарқа ауылынан 10 шақырым жерде орналасқан. Ескерткішті 1991 жылы Алматы архитектура және құрылыс академиясының экспедициясы (жетекшісі Е.М. Бәйтенов) зерттеген.

Байғара Құттыбайұлы (1699-1775) би, ақын. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сыр бойында дүниеге келген. Орта жүздің (Найман)  Сыбан руынан шыққан. Атасы Нарымбай би Ташкентте бек болса, ал әкесі Құттыбай би қазақ тарихында асқан шешендігіне орай «Қу дауысты Құттыбай» атанған.  

Ақтайлақ Байғараұлы (Ақтайлақ би) 1720-1816 жылдары аралығында ғұмыр сүрген, қазақ халқының атақты шешен биі, әрі төкпе ақын. Орта жүздің (Найман)  Сыбан руынан шыққан. Ақтайлақ би заманында алдына жан салмайтын, үлкен рулардың шешендігімен бас қосқан алқалы жиындарда сөйлесіп қағысқанда бір ауыз мақалмен немесе толғау жырымен ел тоқтататындықтан қазақтың қара тілі атаныпты.

Жобалай би кесенесі Аягөз ауданы Мәдениет ауылдық округінің  Мәдениет ауылына қарасты жерде Дағанды өзенінің Балқашқа құйылысынан жоғары  жерде орналасқан. Жобалай би кесенесі құйма кірпіштен құйып қаланған недәуір биік шошақ мазар болған. 2000 жылдың жазында ақ кірпіштен әшекейленіп, кең де, еңселі күмбез болып қайта тұрғызылған.

Жобалай би 1700-1770 жылдары өмір сүрген батыр, би адам болған. Орта жүз руы – Абақ Керей ішіндегі Жастабан. Жобалай Байсейітұлы Алтай керейлері Шұбартау жеріне қоныстанғаннан кейінгі тұңғыш би. Ол 12 жасында бала би атанған.   

Байғотан би мазары – (Бұрынғы Семей облысының Шұбартау ауданының «Алғабас» совхозы) қазіргі Аягөз ауданы Малкелді ауылдық округінің «Бабаң өзені»-деп аталатын қара сумен ағатын кішкене өзеннің оң жағалауында, Қайнар – Баршатас тас жолынан 3 шақырым, ал Малкелді ауылынан 20 шақырым жерде орналасқан. Бұл мазар Байғотанның тірі күнінде ағасы Болатқа соғылса керек, ішінде екі-үш қабір бар: Болат, Байғотан, қарындасы Болғандікі. Болған арғын еліне ұзатылған, қайтыс боларында өз өсиеті бойынша екі ағасының қасына әкеліп, жерленген.

1998 жылы қыркүйек айында Бабаның бұрынғы күмбезінің сыртынан ақ кірпіштен мазар тұрғызылған. 

Байғотан би – 1739-1834 жылдар аралығында өмір сүрген қазақтың аса алғыр биі.  Руы Жастабан Керей. 95 жасында қайтыс болған. Қосай Байғотан би жас кезінде батаны Бекназардан шыққан Қожагелді Томан биден алған екен.

Шынғожа Базарқұлұлы - 1706 – 1768 жылдар аралығында өмір сүрген.

18 ғасырдағы Жонғар шапқыншылығына қарсы соғыстарда ерен ерліктер жасап, қазаққа даңқы жайылған  батыр, қазақ жасақтарының қолбасылырының бірі. Шынқожаның батыр атағы алғаш шыққаны – Жонғардың «Аюқара» атанған Доба деген батырымен жекпе-жекке шығып, оны өлтірген кезі, ол кезде батыр 21 жаста екен. Шыңқожа батырдың денесі қай жерде жерленгені белгісіз, ал бармағы Аягөз ауданы Нарын ауылдық округінің Шынқожа ауылында Нарын өзеннің бойындағы төбеге көмілген. Аталған төбенің төменгі жағындағы жотаға Шыңғожа батырдың ескерткіші орнатылған.

Әріп Тәңірбергенұлы (азан шақырып қойған аты Мұхамедғаріп) 1856 жылы қазіргі Аягөз ауданы, Майлин ауылдық округіне қарасты Еңірекей елді мекеніңде дүниеге келген. Руы - Сыбан ішінде Жангөбек. Ақын 1924 жылы 68 жасында Еңірекей бекетіне таяу Жыланды деген жерде қайтыс болған. Сүйегі сондағы өз қыстауы Қарабұлаққа жерленген. Әріп Тәңірбергенұлының жерленген жері Аягөз қаласынан 65 шақырым жерде орналасқан.

Сондай-ақ, Аягөз ауданымен шекаралас көрші Абай ауданында Аягөз ауданының тарихын жырлаған Ақтамберді жыраудың мазары Аягөз қаласынан 100 шақырым жерде орналасқан.

Ақтамберді жырау мазары — 18 ғ. архитектуралық ескерткіш. Абай ауданының Құндызды ауылының жанында Жүрек Жота деген төбенің басында орналасқан.

Ақтамберді жырау Сарыұлы (1675, қазіргі Оңтүстік Қазақстан, Қаратау, 1768 — қазіргі Абай ауданы Құндызды ауылы Жүрек жота төбесі) — жырау, қолбасы, қазақтың көне жыраулық мектебінің белді өкілі, дипломат. Қысқа нақыл, шешен сөздердің шебері. 1742 ж. Орта жүз ру басшыларының Орынборда ант беру жиналысына өкіл болды. 1738 — 1752 ж. қазақ-қалмақтың қанды қақтығыстарының барлығына дерлік қатысқан. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасының зұлмат қан кешуін бастан өткерген. Ес білгеннен бастап 70 жыл бойы ат үстінен түспей, елі мен жерін қорғаған қас батыр, айтулы шешен, қабырғалы би, атақты жырау.

Сонымен қатар, облыстық тарихи-өлкетану музейі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Аягөз қаласындағы филиалы 2013 жылдың 24 желтоқсанында ашылған. Аудандық мұражай құрылысы 2011 жылы қыркүйек айында басталып, 2013жылдың соңында халыққа қызмет көрсетуге берілді. Қазіргі уақытта аудандық мұражай қорындағы экспонаттардың жалпы саны 1023 сандық бірлікті құрайды. Аталған мүзейде Ақтамберді жыраудың сауыты да бар.

Ауданда алғашқы болып ашылған «Ұлы Керуен» туристік фирмасының жұмысы қарқынды түрде дамып келеді. Турагенттік салада қызмет көрсетіп отырған фирманың мүмкіндіктері үлкен. «Ұлы Керуен» туристік фирмасы оқушыларды-тұрғындарды Алматы, Астана қалаларына экскурсиялық турларына апарады. Қытай Халық Республикасына  туристік сапарлар жасайды.

Аягөз қаласы стратегиялақ маңызы бар қала, қалада бірнеше әскери гарнизондар мен ПВО ракеталық әскери кешен орналасқан. Тоғыз жолдың торабы. Республикалық маңызды автожолдар мен Түркістан-Сібір магистралі өтеді: Алматы — Өскемен, Қарағанды — Аягөз — Боғаз. Қала үстінде бірнеше халықаралық әуе жолдарының қиылысы орналасқан. Аягөз қаласында темір жол вокзалы, автовокзал бар. Аталған вокзалдар жолаушыларға үздіксіз қызмет етуде.

Дата публикации
22 июня 2020
Дата обновления
11 сентября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
Мақалалар
14 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Абай облысы Аягөз ауданы мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспары
13 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы