Меню

Страницы

Статья

Құрылыс

«Аягөз ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарапынан 2026 жылы аудандағы бірқатар нысандардың құрылыс жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда:

Аягөз қаласында су құбыры желілері мен құрылыстарын қайта құру (5-кезек)

Жоба бойынша су құбырларының жалпы ұзындығы – 48 286 м

Жоба құны – 3 883,845 млн теңге

Мердігер – «СМУ-Шығыс» ЖШС (28.02.2024 ж. №34 шарт, 3 780,649 млн тг)

Техникалық қадағалау – «Стройтехнопроект KZ A и К» ЖШС (23.04.2024 ж. №69 шарт, 74,648 млн тг)

Авторлық қадағалау – «Семипалатинскгражданпроект» ӨК (17.04.2024 ж. №73 шарт, 28,548 млн тг)

Қаржыландыру және игеру:

2024 жылы:

Ұлттық қор – 743,119 млн теңге (толық игерілді)

Облыстық бюджет – 74,312 млн теңге (толық игерілді)

2025 жылы:

Ұлттық қор – 1 614,624 млн теңге (толық игерілді)

Атқарылған жұмыстар:

Бүгінге дейін – 33 км су құбыры тартылды

Орындалған жұмыс көлемі: 60%

Аяқталған көшелер: Гагарин, Қажымұқан, Маженов, Найманбаев, Маңғазбаев, Шакенов, Искаков, Терешкова, Байшашев, Бигелдинов, Тұрғанбаев, Барақ батыр, Панфилов, Сейфуллин, Жамбыл, Маметова, Береке

Нысанды аяқтау үшін қажет қаражат (2026 жыл): 1 451,791 млн теңге (бюджеттік өтінім енгізілді)

Аяқтау мерзімі: 2026 жылдың соңына дейін.

 

Аягөз ауданының Аягөз қаласында 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы инженерлік желілерін салу және абаттандыру (№3 және №4 позиция)

Жоба құны – 348,434 млн теңге

Мердігер – «Іргетас-Құрылыс-ІІ» ЖШС (15.04.2024 ж. №33 шарт, 339,822 млн теңге).

Техникалық қадағалау – «RIZIM engineering» ЖШС (12.04.2024 ж. №66 шарт, 7,016 млн теңге).

Авторлық қадағалау – «ШЫМГОРПРОЕКТ» ЖШС (26.04.2024 ж. №42 шарт, 1,595 млн теңге).

Қаржыландыру және игеру:

2025 жылға:

Республикалық бюджеттен – 100,0 млн теңге (игерілді)

Облыстық бюджеттен – 10,685 млн теңге (игерілді)

Облыстық бюджеттен ішкі қарыздар есебінен – 213,781 млн теңге (игерілді)

2025 жылы игерілген қаржы – 324 466,0 млн теңге

Орындалған жұмыс көлемі: 90%.

 

Аягөз ауданы, Ақтоғай кентінде электр беру желісінің құрылысы

Жалпы есептік қуаты – 565,85 кВт

ВЛ-10 кВ ұзындығы – 4 км

ВЛ-0,4 кВ ұзындығы – 13,8 км

КТПН-160/10/0,4 кВ – 2 бірлік

КТПН-250/10/0,4 кВ – 3 бірлік

Бас трансформатор ТДТН-10000-110/35/10 кВ – 1 бірлік

Құрылыс құны: 649,132 млн теңге

Мердігер – «Энергомера» ЖШС (30.05.2023 ж. №47, 622,678 млн тг)

Техникалық қадағалау – «Нұрай-Сервис» ЖШС (20.07.2023 ж. №62, 19,113 млн тг)

Авторлық қадағалау – «Энергосервис ЭТЛ» ЖШС (17.07.2023 ж. №63, 7,341 млн тг)

Қаржыландыру және игеру:

2023 жылы Ұлттық қордан – 491,382 млн теңге (игерілді)

2024 жылы облыстық бюджеттен – 64,913 млн теңге (игерілді)

2025 жылға қаражат қарастырылмады.

2026 жылға жетпейтін қаражат – 92,837 млн теңге (бюджеттік өтінім енгізілді)

Орындалған жұмыс көлемі – 90%.

Нысан бойынша ВЛ-10кВ және ВЛ-0,4кВ бойынша 560 темірбетон тіректері орнатылды. ВЛ-10кВ бойынша 4 км сым тартылды, ВЛ-0,4кВ бойынша 12,8 км сым тартылды. КТПН(К/В)-250/10/0,4 кВ – 3 бірлік, КТПН(К/В)-160/10/0,4 кВ – 2 бірлік әзірленіп, Ақтоғай кентіне жеткізіліп, орнатылды. 270 абонентке сым тартылды, абоненттерге бір фазалық есептегіштерді орнату жұмыстары жүргізілді. Ақтоғай кентіндегі 6000 киловольттық бас трансформаторды демонтаждау жұмыстары жүргізіліп, орнына 10000 киловольттық бас трансформатор орнатылды.

Қаржыландыру бөлінген жағдайда 1 км электр желілерін тарту, 102 абонентке сым тарту және бір фазалық есептегіштерді орнату,  «Ақтоғай» қосалқы станциясындағы қауіпсіздік-өлшеу кешені және электртехникалық жабдықтарды орнату бойынша жұмыстар жүргізіледі.

 

Абай облысы Аягөз ауданы Қопа ауылында ангар үлгісіндегі спорт залға сыртқы инженерлік желілер құрылысы және абаттандыру

Жоба құны – 202,097 млн теңге

Мердігер – «Семстройэлектро-2005» ЖШС (17.02.2025 ж. №12 шарт, 196,708 млн тг)

Техникалық қадағалау – «Аруай Строй» ЖШС (17.02.2025 ж. №13 шарт, 4,565 млн тг)

Авторлық қадағалау – «КазЖобаСаулет-Консалтинг» ЖШС (12.03.2025 ж. №29 шарт, 2,746 млн тг)

Қаржыландыру:

2025 жылға облыстық бюджеттен – 10,0 млн теңге бөлінді

Аудандық бюджеттен 200 мың теңге бөлінді.

Орындалған жұмыс көлемі: 15%

2026 жылға облыстық бюджеттен 192,097 млн теңге қаржыландыру қарастырылды.

 

2026 жылғы жаңа құрылыс жұмыстары

Абай облысы, Аягөз ауданы, Байқошқар ауылында ангарлық үлгідегі спорт залын салу (сыртқы инженерлік желілермен және абаттандырумен).

Бас жобалаушы – «G6-Project» ЖШС. 2025 жылғы 9 қаңтардағы №PS-0002/25 ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы (оң). Жоба құны – 332,573 млн теңге. Жобаны іске асыру үшін 2026 жылға облыстық бюджеттен 99 772,0 мың теңге қарастырылды. Мердігерді анықтау бойынша конкурсқа шығу үшін мемлекеттік сатып алу порталында Абай облысының мемлекеттік сатып алу басқармасына 2026 жылғы 4 ақпанда өтінім берілді. Алайда қазіргі таңға дейін конкурс шығарылмады.

Аягөз ауданы, Аягөз қаласындағы 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйге абаттандыру құрылысы (№1 позиция)

Бас жобалаушы – «QAZSAURAN» ЖШС. 2024 жылғы 19 ақпандағы №AEG-0004/24 ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы (оң). Жоба құны – 113,5 млн теңге. Жоба аясында №1 позициядағы тұрғын үйге абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Жобаны іске асыру үшін облыстық бюджетке 107,002 млн теңге қарастыруға бюджеттік өтінім берілді.

 

2026 жылғы жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары

 Абай облысы Аягөз ауданы Малкелді ауылдық округі, Қорық ауылында өрт сөндіру пунктін салу

Бас жобалаушы – «ASK PROJECT 1» ЖШС (04.06.2025 ж. №39 шарт, 2,7 млн тг). Ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысын 2026 жылғы маусым айында алу жоспарлануда.

Абай облысы, Аягөз ауданы, Баршатас ауылында ангар үлгісіндегі спорт залын салу

Бас жобалаушы – «Рудстрой ЛТД» ЖШС (20.02.2026 ж. 4,5 млн тг). Ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысын 2026 жылғы қыркүйек айында алу жоспарлануда.

Абай облысы, Аягөз ауданы, Ақтоғай кентінде ашық үлгідегі стадион салу

Бас жобалаушы – «Рудстрой ЛТД» ЖШС (20.02.2026 ж. 4,5 млн тг). Ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысын 2026 жылғы қыркүйек айында алу жоспарлануда.

Абай облысы Аягөз ауданы Ақшәулі ауылында антенна-діңгекті құрылысын салу

Бас жобалаушы – «Транс-Сервис» ЖШС (20.02.2026 ж. 3,6 млн тг). Ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысын 2026 жылғы қыркүйек айында алу жоспарлануда.

Абай облысы, Аягөз ауданы, Майлин ауылдық округі, Майлин ауылында ангар үлгісіндегі спорт залын салу

Бас жобалаушы – «Стройинформ-2» ЖШС (19.02.2026 ж. 4,05 млн тг). Ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысын 2026 жылғы қыркүйек айында алу жоспарлануда.

Дата публикации
20 июня 2020
Дата обновления
11 сентября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
Мақалалар
14 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Абай облысы Аягөз ауданы мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспары
13 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы