Меню

Страницы

Статья

Аягөз ауданының ішкі саясаты туралы ақпарат

Ауданымызда халықты сапалы әрі уақтылы ақпараттандыру мәселесі үнемі басты назарда.
Аягөз ауданы әкімдігі инстаграмм парақшасына өткен аптада қоғамды ақпараттандыру мақсатында 25 жарияланым жарияланды.
Ақпараттық жұмыс одан әрі күшейтіліп, алға қойылған мақсатқа сәйкес жалғастырылады.
Бөлімдердің әлеуметтік желілеріне талдау барысында, Аягөз ауданы әкімдігі парақшасында тіркелуші саны-7718. Жарияланым тұрақты шығарылып отырады.
Аягөз ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі өткен аптада жарияланым шығармаған.
Аудан аумағындағы қала, кент және ауылдық округ әкімдерінің ресми әлеуметтік желілердегі ақпараттық қызметіне жүргізілген кешенді талдау нәтижелері ақпараттық саясаттың жалпы даму қарқынын айқын көрсетеді.
Бүгінде тіркелуші саны аз ауылдық округтер Бидайық ауылдық округі.
Сонымен қатар, осы аптада қала, кент, ауылдық округтерде атқарылып жатқан жұмыстарды жариялау бойынша Аягөз қаласы мен Бидайық ауылдық окргугі төмен көрсеткіш көрсетіп отыр.
Ақпаратты дер кезінде әрі дұрыс жеткізу мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ететін негізгі құралдардың бірі.
Осыған байланысты, әлеуметтік желілердегі белсенділігі төмен ауылдық округтерге ақпараттық жұмысты жандандыру, ресми парақшаларды тұрақты жүргізуді қамтамасыз ету, ал белсенді округтерге қол жеткізілген нәтижелерді сақтап қана қоймай, оны одан әрі жетілдіру бағытында жүйелі шаралар қабылдау ұсынылады.

Аудан аумағында әлеуметтік желілерде жарияланатын сын сипатындағы материалдарға тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп келеді.
Өткен апта ішінде әлеуметтік желілерде ауданға қатысты бірқатар сын пікірлер мен мәселелік жазбалар тіркелді.
Аталған сын материалдар мәселелер бойынша нақты талдау жүргізілді.
Аягөз арыз-шағым What’s App тобында Айғыз ауылында су мұнарасының құлауы бойынша пікір жазылды. Басқа әлеуметтік желілерге таралған жоқ. Ақпараттар дер кезінде әзірленіп, жауаптар жіберілді.
Аягөз ауданы әкімдігі парақшасының астына Қ.Халид көшесіндегі және Найманбаева көшесіндегі қоқыстар бойынша пікірлер жазылды, алайда тиісті мекемелер жауабын жазған жоқ.
24ayagoz, zhaloby.ayaguz, «Аягөз айнасы» әлеуметтік желілерінде сыни жазбалар жарияланған жоқ.
Әлеуметтік желілердегі сын ақпараттарға алдағы уақытта да мониторинг жұмыстарын күшейтіп, әрбір сын пікірді назарға алынып, осы бағытта жұмыстар жалғасын табады.

Дата публикации
20 июня 2020
Дата обновления
13 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
Мақалалар
14 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Абай облысы Аягөз ауданы мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспары
13 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы