Меню

Страницы

Статья

Абай облысы Аягөз ауданы тұрғындарын әлеуметтік қорғау

«Абай облысы Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

Бөлімның негізгі міндеттері мен өкілеттілігі:

-Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында  тұрақты тұратын  шетелдіктер мен  азаматтығы жоқ адамдарға  қызмет пен кәсіп түрлерін  еркін  таңдауға  бірдей мүмкіндіктерді, әділ, қолайлы  еңбек  жағдайларын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;

- заңдылық, ізгілік, адам құқықтарын сақтау;

- әлеуметтік қорғауға кепілдік беру, медициналық, әлеуметтік және   кәсіптік оңалтуға  қолжетімділікті қамтамасыз ету;

- мүгедектердің денсаулық сақтауға, білім алуға және қызмет түрін еркін таңдауға  басқа азаматтармен    қатар    қол жеткізуге құқылы болуын қамтамасыз ету;

- мемлекеттік органдардың мүгедектердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктермен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

- аз камтылған отбасылар, азаматтар мен мүгедектерге қорғауға жүктетілген кепілдіктерді сақтау;

-  мүгедектік белгісі бойынша кемсітуге тиым салу;

-  халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына әлеуметтік көмек көрсету:

  1. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу";
  2. "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау";
  3. "Ақталған адамға куәлік беру";
  4. "Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың cалдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру";
  5. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау";
  6. Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын-үй жәрдемақыларын тағайындап, төлеу.
  7. Әлеуметтік серіктестік жөніндегі үш жақты комиссияның жұмысын ұйымдасту;
  8. мүгедектерді оңалтуды жүзеге асыратын ұйымдарды құруға ықпал ету;
  9. дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органдармен мүгедектердің бірлестіктерімен бірлесіп мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу;
  10. "Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттарды беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетеді;
  11. мүгедедектігі бар адамдардың жеке оңалту бағдарламасына сәйкес төмендегідей қызметтер көрсету:

9.1. "Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу";

9.2. "Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету";

9.3. "Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу";

9.4. "Мүгедектерге кресло-арбалар беру";

9.5. "Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету";

9.6. "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу";

9.7. "Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу";

9.8. "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу".

Дата публикации
20 июня 2020
Дата обновления
16 сентября 2025
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
Мақалалар
14 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Абай облысы Аягөз ауданы мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспары
13 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы