Аягөз қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалаішілік қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру үшін жеңілдікті жол жүру туралы
«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15 тармақшасына, 31-бабы 2 тармағына сәйкес Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Аягөз ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедек адамдарға-тегін жол жүру;
2) сүйемелдеуімен бірге І топтағы көру қабілеті нашар адамдарға-тегін жол жүру;
3) ІІ топтағы көру қабілеті нашар адамдарға-тегін жол жүру;
4) 70 жастан асқан зейнеткерлерге-тегін жол жүру;
5) ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге-тегін жол жүру;
6) ілесіп жүретін І топтағы мүгедек адамдарға-тегін жол жүру;
7) ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға- тегін жол жүру;
8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға-тегін жол жүру;
9) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балаларға - тегін жол жүру;
10) жетім балаларға, отбасында тұратын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға-тегін жол жүру;
11) көп балалы отбасылардан шыққан балаларға-тегін жол жүру;
12) Қазақстан Республикасының тасымалдаушылары жүзеге асыратын халықаралық тасымалдарға 5 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға жол жүру құжатының (билетінің)толық құнының елу пайызын төлей отырып, жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатып алуға;
13) 7 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға жол жүру құжатының (билетінің) толық құнының елу пайызын төлей отырып, жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатып алуға;
14) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға-тегін жол жүру;
15) Сүйемелдеуімен мүгедек балаларға-тегін жол жүру.
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тасымалдау сапасы деңгейінің оның сертификатына сәйкестігіне дау айтуға құқылы.
5.Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары О.Бекбаевқа жүктелсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
Сессия төрағасы,
Аягөз аудандық
мәслихатының төрағасы А.Ибрайшин