«Айғыз ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жұмыс тобы құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 2020 жылғы 3 айға ішкі талдау жүргізілді.
«Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Айғыз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде рұқсат беретін функциялары жоқ, бақылау функциялары – қарастырылмаған.
«Айғыз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны - 1:
1) «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар болуы туралы анықтама беру»;
Осы қызмет бойынша 2020 жылдың 3 ай ішінде – 19
«Айғыз ауылдық округі әкімі аппараты» ММ штат бойынша мемлекеттік қызметшілер саны – 5, іс жүзінде – 4.
Теріс қылықтар себептерінен босатылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.
Ауылдық округі әкімі аппаратында тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметкерлер жоқ;
Ауылдық округтің барлық қызметшілері 12.11.2019 жылғы №26 ауыл әкімінің өкімімен бекітілген біліктілік талаптарына сай келеді.
Ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері Шығыс Қазақстан мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктіліктілігін арттыру өңірлік орталығында жоспар-кестеге сай оқытудан өтеді.
Еңбек тәртібін бұзу фактілері жоқ. Мемлекеттік қызметте шектеулердің сақталуын бұзғандар жоқ.
«Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Айғыз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ағымдағы жылдың 3 айы ішінде 12 сатып алу өткізілді, оның ішінде баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 1, бір көзден сатып алу тәсілімен – 11
Қаржы-шаруашылық әрекетіне тексеру актілері: 2020 жылдың 3 айында «Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Айғыз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде қаржы-шаруашылық әрекеттеріне тексеру жүргізілген жоқ.
Сатып алулар жұмыстары бойынша талдау келесіні көрсетті: Мемлекеттік сатып алудың веб-порталында, жұмыстың сапалығына әсер ететін, техникалық ақаудың орны бар.
Ауылдық округі әкімі аппаратының талдау жұмыстары нәтижесінде, құқықтық-нормативтік актілерде аппарат қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдер анықталған жоқ.
Топ жетекшісі:
Айғыз ауылдық округінің әкімі М.Сыдыков
Топ мүшелері:
Айғыз ауылдық округі әкімі
аппаратының бас маманы Б.Розиева
Айғыз ауылдық округі әкімі
аппаратының бас маманы Д.Аязбеков