Жүргізілген әлеуметтік, талдамалық және өзге де зерттеулердің, сондай-ақ халыққа жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері туралы деректер

2021 жылғы Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау қорытындылары туралы

 

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік – процестік кодексінің нормаларына сәйкес бақылау бөлімі
Құжаттамалық қамтамасыз ету және Аягөз ауданы әкімінің аппаратына 2021 жылдың 12 айында келіп түскен өтініштерге талдау жүргізілді.

Есепті кезеңде Аягөз ауданы әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 425 өтініш келіп түсті, бұл 2020 жылмен салыстырғанда (411) 14 өтінішке немесе 6,4% - ға аз. Жеке тұлғалардан жазбаша және ауызша 147 өтініш түсті, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 54 өтінішке немесе 26,8% – ға аз, заңды тұлғалардан-30 жазбаша өтініш, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 39 өтінішке немесе 43% - ға аз.

202 өтініштің 45-і оң шешімін тапты, 102-сі бойынша түсініктеме берілді, екі өтініш бойынша қарауды тоқтату туралы шешім қабылданды (келіп түскен өтініштер негізінде), 53-і басқа органдарға қарау үшін жіберілді.

202 өтініштен: 178-өтініш, 7 шағым (2020 жылы -10), 17 ұсыныс пен сұрау.

Өтініштердің жалпы санының 29% (59) "Электрондық Үкімет" порталы арқылы, 69 – қағаз жеткізгіште, 74-жеке қабылдауда ауызша нысанда келіп түсті.

"Қоғамдық қабылдау" арқылы 7 өтініш түсті.

2021 жылы аудан әкімі және аудан әкімінің орынбасарларымен жеке қабылдау өткізу барысында 74 жеке тұлға қабылданды.

Аягөз ауданы әкімінің аппаратына есептік кезеңде келіп түскен азаматтардың өтініштерінің мониторингі аудан тұрғындарын қызықтыратын өзекті мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді:

1)шаруа және фермер қожалықтарына құқық белгілейтін құжаттарды қайта ресімдеу бөлігінде жер пайдалану мәселелері, шаруа қожалықтарының құрамын өзгерту және т. б. - 68 (33,6%);

Осы мәселе бойынша барлық өтініштер Әкімшілік рәсімдік - процестік кодекстің 65-бабына сәйкес құзыретіне сәйкес қарау үшін жер қатынастары бөліміне жолданды.

2) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекке қою бөлігінде тұрғын үй беру, тұрғын үй бөлу – 32 (15,8%);

3) Еңбек және жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері – 28 (13,8%);

4) ТКШ, сумен жабдықтаудың жалпы мәселелері – 16 (7,9%);

5) байланыстың жалпы мәселелері – 8 (3,9%).

Дата публикации
04 марта 2022