Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Абай облысы Аягөз ауданы тұрғындарын әлеуметтік қорғау

«Абай облысы Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

Бөлімның негізгі міндеттері мен өкілеттілігі:

-Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында  тұрақты тұратын  шетелдіктер мен  азаматтығы жоқ адамдарға  қызмет пен кәсіп түрлерін  еркін  таңдауға  бірдей мүмкіндіктерді, әділ, қолайлы  еңбек  жағдайларын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;

- заңдылық, ізгілік, адам құқықтарын сақтау;

- әлеуметтік қорғауға кепілдік беру, медициналық, әлеуметтік және   кәсіптік оңалтуға  қолжетімділікті қамтамасыз ету;

- мүгедектердің денсаулық сақтауға, білім алуға және қызмет түрін еркін таңдауға  басқа азаматтармен    қатар    қол жеткізуге құқылы болуын қамтамасыз ету;

- мемлекеттік органдардың мүгедектердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктермен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

- аз камтылған отбасылар, азаматтар мен мүгедектерге қорғауға жүктетілген кепілдіктерді сақтау;

-  мүгедектік белгісі бойынша кемсітуге тиым салу;

-  халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына әлеуметтік көмек көрсету:

  1. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу";
  2. "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау";
  3. "Ақталған адамға куәлік беру";
  4. "Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың cалдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру";
  5. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау";
  6. Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын-үй жәрдемақыларын тағайындап, төлеу.
  7. Әлеуметтік серіктестік жөніндегі үш жақты комиссияның жұмысын ұйымдасту;
  8. мүгедектерді оңалтуды жүзеге асыратын ұйымдарды құруға ықпал ету;
  9. дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органдармен мүгедектердің бірлестіктерімен бірлесіп мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу;
  10. "Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттарды беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетеді;
  11. мүгедедектігі бар адамдардың жеке оңалту бағдарламасына сәйкес төмендегідей қызметтер көрсету:

9.1. "Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу";

9.2. "Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету";

9.3. "Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу";

9.4. "Мүгедектерге кресло-арбалар беру";

9.5. "Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету";

9.6. "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу";

9.7. "Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу";

9.8. "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу".

Документы
НҚА жобасы
13 июля 2026
"Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ
Аягөз аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 желтоқсандағы № 19/356-VIII «Аягөз ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақпарат
13 июля 2026
"Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ
Аягөз ауданы бойынша әлеуметтік сала ақпараты
Ақпарат
29 декабря 2025
"Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ
Аягөз ауданы бойынша әлеуметтік сала ақпараты (2025 жыл қорытындысы)
Новости
Полезные материалы
Абай облысы Аягөз ауданы тұрғындарын әлеуметтік қорғау
Медиагалерея
4
«Мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі топтарды есепке алғанда, халық үшін инфрақұрылым нысандарының және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі» ұлттық стандарты
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
"Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ
Часто задаваемые вопросы
Аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмектің қандай түрлері көрсетіледі?

Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінің белгіленген мөлшерінен аспайтын отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Атаулы әлеуметтік көмектің негізгі мақсаты - ақшалай төлемдер түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.

Қалалар мен аудандар мәслихаттарының шешімдерімен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары негізінде азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайдағы адамдарға Атаулы және мерекелік күндерде біржолғы әлеуметтік көмек көрсету көзделген.

Қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары аз қамтылған отбасыларға «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсетеді.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы