Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы туралы ақпарат

«Аягөз ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты 39 мектеп (оның ішінде 3 бастауыш мектеп, 1 негізгі мектеп), 2 қосымша білім беру ұйымдары және 16 балабақша (оның ішінде 7-мемлекеттік бабақша, 9 жеке меншік), 24 мектеп жанындағы шағын орталықтар бар. Аудан бойынша жалпы мектепке дейінгі бала саны- 2575 (оның ішінде 1317 мемлкеттік балабақшада, 1258 жекеменшік балабақшада), мектеп жасындағы бала саны – 11579 (оның ішінде кала мектептері  - 8311бала, ауыл мектептері- 3268бала) . Жоғарыда аталған білім беру ұйымдарында жалпы  2117 педагог білім беруде.

Жаңа оқу жылына дайындық :

Аягөз ауданы білім бөліміне қарасты 23 білім беру мекемелеріне жаңа оқу жылына дайындау мақсатында жоспарланған 43 ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қатты отынмен қамтамасыз ету :

Аягөз ауданы білім бөліміне қарасты мекемелерді (мектептер мен балабақшаларды) қатты отынмен (көмірмен) қамтамасыз ету мақсатында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті конкурстық процедуралар өткізіліп, мердігер ұйымдар анықталды. Жалпы 7798,8 тонна (156896,0 тенге) көмір жасалған келісімшарт талаптарына сәйкес ағымдағы жылдың қыркүйек және қазан айларында білім беру ұйымдарына толығымен жеткізілетін болады.

 Оқулықтармен қамту бойынша 2026-2027 оқу жылында 3 сыныптың ( математика, музыка, дүниетану, қазақ тілі, әдебиеттік оқу пәндері - орыс және қазақ тілді мектептер үшін, сондай - ақ орыс мектебі үшін орыс тілі), 7 сыныптың (дүние жүзі тарихы, орыс және қазақ тілді мектептер үшін) оқулықтары жаңартылады. Жоғарыда аталған оқулықтарға, сонымен қатар жетпейтін оқулықтарға облыстық білім басқармасына (34769 дана) 113млн 229 мың теңге қаражатқа( жиыны 11 баспаға) тапсырыс берілді. Оқулықты алу процесі білім басқармасы арқылы жүзеге асырылады. Оқулықтар 100 пайыз  қабылданады.

Атаулы әлеуметтік көмек бойынша: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 Қаулысы сәйкес былғы оқу жылында 1 балаға 50,851 теңгеден, аудан бойынша 3154 білім алушыға қаржылай көмек берілді.

Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдау:

Аягөз ауданында мектептері жоқ  7 елді мекеннен 108 білім алушы 7 білім беру ұйымына тасымалданады.

Қарабұлақ елді мекенінен – «№1 Ақшәулі жалпы білім беретін орта мектебіне;

Тансық станциясынан – «К. Қадыржанов атындағы Қызылқия жалпы білім беретін орта мектебіне;

Баршатас (РТС) елді мекенінен – Оспанқұл Меңаяқұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебіне;

Малтүгел елді мекенінен – «Тарбағатай жалпы білім беретін орта мектебіне;

Ескі Майлин елді мекенінен – «№4 жалпы орта білім беретін аралас мектебі» мектебіне;

Қарасу елді мекенінен – С. Сейфуллин атындағы орта мектебіне;

Ақкілет елді мекенінен – А. Көшкімбаева атындағы орта мектебіне тасымалданады.

Білім алушыларды барлығы 7 көлік құралы тасымалдайды.

Олардың ішінде 3 көлік құралының техникалық жағдайы қалыпты.

Оспанқұл Меңаяқұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебіне тиесілі «ГАЗ 322176» автокөлігі 2021 жылы сатып алынған;

А. Көшкімбаева атындағы орта мектепке тиесілі «ГАЗ 322173» автокөлігі 2023 жылы сатып алынған;

С. Сейфуллин атындағы орта мектепке тиесілі «УАЗ 220695 – УАЗ 2206» автокөлігі 2020 жылы сатып алынған.

Сонымен қатар, білім алушылардытасымалдауға пайдаланылып жүрген 4 көлік құралының техникалық жағдайы тозған.

«№4 жалпы орта білім беретін аралас мектебі» КММ-не тиесілі «ПАЗ 32053» автобусы 2012 жылы сатып алынған;

К. Қадыржанов атындағы Қызылқия жалпы білім беретін орта мектебіне тиесілі «ПАЗ 32053» автобусы 2012 жылы сатып алынған;

«№1 Ақшәулі жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-не тиесілі «УАЗ 220695-460» автокөлігі;

«Тарбағатай жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-не тиесілі «УАЗ 220695-460» автокөлігі 2017 жылы сатып алынған.

Абай облысының білім басқармасына білім алушыларды тасымалдауға пайдаланылып жүрген техникалық жағдайы тозған 4 автокөлікті жаңарту мақсатында бюджеттік өтінім берілген.

 

1-сыныпқа қабылдау бойынша:

«Аягөз ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты барлық білім беру ұйымдарына 1 сыныпқа барлығы 1029 бала (оның ішінде 50 бала орыс тілді сыныпқа) қабылданды.

«Аягөз ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты барлық білім беру ұйымдары мен балабақшалар 2026-2027 жаңа оқу жылына және жылу маусымына толықтай дайын.

Документы
Ақпарат
11 сентября 2026
"Аягөз ауданының білім бөлімі" ММ
Білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы туралы ақпарат
Ақпарат
13 июля 2026
"Аягөз ауданының білім бөлімі" ММ
Аягөз ауданының мектептері туралы ақпарат
Ақпарат
13 июля 2026
Аягөз ауданы білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарындағы бос орындар тізімі
Новости
Полезные материалы
Білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы туралы ақпарат
Білім
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
"Аягөз ауданының білім бөлімі" ММ
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы