
Аудан әкімі Д.Шәкәрімов Мамырсу ауылдық округіне іссапармен барды.
Мамырсу ауылдық округінің жер көлемі 199931 гектарды құрайды. Ауылдық округте 3232 адам тұрады.
Тұрғындармен өткен кездесуде төмендегідей өзекті мәселелер көтерілді:
Ауыз су мәселесі;
Мамырсу ауылына орталықтандырылған кәріз жүйесін жүргізу қажеттігі;
Аягөз өзенінің ластануы;
Мамырсу ауылының ішіндегі көпірлерге қоршау ;
Алматы-Өскемен республикалық жолының ауылға кіре беріс жолын жөндеу;
Мамырсу ауылындағы байланыс желісі мен электр желісі мәселесі;
Көше жарығына жөндеу жұмыстарын жүргізу;
Көшеде қаңғып жүрген иттерді ату қажеттігі.
Әрбір ауылдық округте осындай мәселелердің бары жасырын емес. Сол себепті, барлық тұрғындардың ұсыныстарын басшылыққа ала отырып, заң аясында шешу жолдары ретімен қарастырылатын болады.