
Рахимов Жасулан Оралбаевич, 1983 жылы 8 қарашада Семей облысы, Аягөз ауданы, Аягөз қаласында дүниеге келдім.
1990–1997 жылдары Аягөз қаласындағы № 3 мектеп-гимназиясында оқыды. 1997 жылы отбасылық жағдайға байланысты Семей қаласына көшіп, №22 қазақ орта мектебінде білім алып, 2000 жылы аяқтады.
2000–2004 жылдары Семей қаласындағы «Қазақ мемлекеттік заң академиясында» оқып, «Заңтану» мамандығын алды.
2013–2015 жылдары «Қазақ қатынас жолдары университетінде» «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша білім алып, техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алды.
2005-2006 жылдары Семей қаласындағы ҚР ІІМ ішкі әскерінің 5511 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша қызмет атқарды.
2007-2009 жылдары Семей гарнизонының әскери полиция бөлімінде келісімшарт бойынша жұмыс істеді.
2009-2010 жылдары Алматы қаласындағы ҚР ІІМ Академиясында азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының кабинет бастығы болып жұмыс істеді.
2010-2018 жылдары Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінде бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2018-2019 жылдары «Алматы көпсалалы колледжінде» директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
2019-2020 жылдары «Электротехникалық колледжде» директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
2020-2024 жылдары «Көлік колледжі» директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары.
2024-2025 жылдары «Рудный құрылыс және көлік колледжінің» директоры.
2025-2026 жылдары Абай облысы, Аягөз ауданы әкімінің көмекшісі болып жұмыс істеді.
2026 жылғы 9 шілдеден бастап Аягөз ауданының ішкі саясат және дін істері бөлімінің басшысы.