
Абай ауданы әкімдігінің мәжіліс залында ауылдық округтер әкімдігінің мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жауапты мамандарының қатысуымен «Е-Лицензиялау» ақпараттық жүйесін қолдану жөнінде оқыту семинары өткізілді. Семинарға «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының Семей қаласындағы филиалының маманы Төкенов Әділет Ерболұлы ақпараттық жүйені қолдану жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар аудан әкімінің аппаратының мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу, ақпараттық технологиялар, заң және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Медеуқанов Ернұр Қайнарұлының төрағалығымен мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру бойынша жиналыс өткізілді.