Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған «Елден сәлем» мәдени жобасы аясында аудан өнерпаздары Ақсуат ауданында өнер көрсетті.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған «Елден сәлем» мәдени жобасы аясында аудан өнерпаздары Ақсуат ауданында өнер көрсетті.

Облыс әкімдігінің бастамасымен ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған «Елден сәлем» мәдени жобасы аясында аудан өнерпаздары Ақсуат ауданында өнер көрсетті.

Өнер ұжымы «Елден сәлем» атты концерттік бағдарламасын ұсынды. Жергілікті тұрғындар өнерпаздарды зор ықыласпен қарсы алып, қошеметке бөледі.

Концерт барысында «Шыңғыстау» ұлт аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен жанды дауыста әндер шырқалып, мың бұрала билеген бишілер көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.

Іс-шарада Ақсуат ауданының әкімі Ерсін Кәдірбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, өнер ұжымына алғыс хат пен ықылас гүлін табыс етті.

Аудан атынан барған делегацияны бастап барған аудандық мәслихат төрағасы Мақсат Нұрсұлтанұлы Ақсуат халқына аудан әкімінің құттықтауын жеткізіп, ықылас гүлін тарту етті.

Тарихы мен мәдениеті тамырлас қос аудан арасындағы рухани және мәдени байланыс алдағы уақытта да арта берсін.