Еңбек адамдарына “Ел алғысы” медалі табысталды

Еңбек адамдарына “Ел алғысы” медалі табысталды

Еңбек адамдарына “Ел алғысы” медалі табысталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың нағыз еңбек адамын ұлықтап, қоғамда еңбекқорлық пен кәсіби құндылықтарды дәріптеу жөніндегі тапсырмасы аясында бүгін аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарға құрмет көрсетті.

Салтанатты жиында аудандық аумақтық инспекцияның бас маманы, ветеринариялық-санитариялық инспекторы Дәулет Хасен мен “Абай колледжі” КММ-нің өндірістік оқыту шебері Тлеужан Әмреновке “Ел алғысы” медалі салтанатты түрде табыстады.

Аудан басшысы марапат иелерін құттықтап, қызметтеріне сәттілік тілеп, алдағы уақытта да қоғам игілігі үшін табысты еңбек ете берулеріне тілектестік білдірді.