“Шыңғыстау” спорт кешенінде аудан әкімінің жүлдесі үшін әйелдер арасында волейболдан аудандық жарыс өтті. Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Тартысты өткен сайысқа жиыны 6 команда қатысты. Жарыс нәтижесінде жүлделі
🥇 І орынды – Қарауыл ауылының командасы;
🥈 ІІ орынды – Архат ауылының командасы;
🥉 ІІІ орынды – Көкбай ауылының командасы иеленді
Сонымен қатар, жарыс барысында ерекше көзге түскен ойыншылар арнайы номинациялармен марапатталды:
🏅 “Үздік үйлестіруші” – Тілеуғабылова Мөлдір
🏅 “Үздік қорғаушы” – Болатқызы Гүлім
🏅 “Үздік ойыншы” – Серікқалиева Айдана;
Аталмыш спорттық шаралар аудан тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз септігін тигізеді.