Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын тойлау жөніндегі комиссия төрағасы Көшербаев Қырымбек Елеуұлы Абай ауданына іс-сапармен келді.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын тойлау жөніндегі комиссия төрағасы Көшербаев Қырымбек Елеуұлы Абай ауданына іс-сапармен келді.

Ұлы ақын, кемеңгер, ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын тойлау жөніндегі комиссия төрағасы Көшербаев Қырымбек Елеуұлы, облыс әкімі Ахметов Даниал Кенжетайұлы, Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызы, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет ауданымызға арнайы іс - сапармен келіп, бабалар жолымен жүріп қайтты. Комиссия мүшелері сапар барысында алдымен Сырт Қасқабұлаққа ат басын тіреді.

Бұлақ басында Қырымбек Елеуұлы: "Абай бұлағы - рухани байлығымыздың кәусар бұлағы" деп , жасалып жатқан жұмыстарға ризашылығын білдіріп, таң-тамаша күйде екенін жеткізді. Сапар одан әрі Ақшоқы қорымына жалғасты. Қонақтар Құнанбай әулетінің зиратына арнайы құран бағыштап, Құнанбай Өскенбайұлының мұражайына қойылған құнды жәдігерлермен, бағалы бұйымдармен танысты.

Іс - сапар одан әрі Қарауыл ауылында жалғасын тапты. Комиссия мүшелері менмұндалап кең құлашын жайып тұрған Абай саябағына тоқтап, жасалған жұмыстармен танысты. Сапар өз жалғасын ауданымызда салынған жаңа мектептен тауып, комиссия төрағасы мектептің ішімен толықтай танысып шықты. Мектеп ішіндегі робототехника, ІТ технология, мультимедиалық журналистика, виртуалды шындық сынды кабинеттерді көріп, аудан халқына, әсіресе оқушыларға жасалған жақсы жағдай үшін қуанышты екенін білдірді.

Қарауылдан шығып, ақын рухы мәңгілік тыныс тапқан Жидебайға барды. Зиялы қауым жаңғырған, жаңа заман талабына сай жаңарған Абай-Шәкәрім мемориалдық кешеніндегі жұмыстарға аса ризашылық білдірді. Мемлекеттік хатшы Қырымбек Елеуұлы кешен жұмысына атсалысқан барлық жұмысшылардың еңбегін аса жоғары бағалап, «Абай бабасы үшін азаматтардың жан-тәнімен беріліп, шынайы жұмыс істегені, маңдай терін аямағаны айқын аңғарылып тұр» - деп алғысын білдірді. Сондай-ақ, Абайдың мұражай-үйімен танысты. Іс-сапар соңында комиссия төрағасы оң бағасын беріп, жасалып жатқан жұмыстарға сәттілік тіледі.