
Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар аясында «ЖББ Қарауыл гимназиясы» КММ-нің 9-11 сынып оқушыларымен «Мен болашақ сайлаушымын» атты кездесу ұйымдастырылды. Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы оқушыларға Қазақстанның сайлау жүйесінің дамуы таныстырылып, қоғамның саяси өміріне қатысу қажеттілігі туралы алғашқы түсінік берілді. Сондай-ақ, сайлау органдары туралы түсініктер берілді, ақпараттық-танымдық слайдар көрсетілді. Оқушылар сұрақтар қойып, оларға тиісті жауаптар берілді. Дүниежүзілік сайлау күніне байланысты білім беру мекемелерінде апталық кездесулер, пікірсайыстар өткізілуде.