
Дүниежүзілік сайлау күніне орай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес 05 ақпан 2025 жылы аудандық жастар ресурстық орталығының ғимаратында сайлау учаскелерінің мүшелерімен, аудан жастарымен дөңгелек үстел өткізілді.
Жиынға қатысушылар өзара пікір алмасып, сайлауға байланысты сұрақтар қойып, сұрақтарға тиісті жауаптарын алып, өз ұсыныс пікірлерімен бөлісті.
Жиын барысында еліміздегі демократиялық қоғамның негізгі тірегі адал әрі ашық сайлау жүйесі арқылы азаматтардың, әсіресе жастардың мемлекетті басқаруға қатысу мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында аудан жастары комиссия мүшелеріне түрлі сұрақтар қойып, сұрақтарына тиісті жауаптар алып, өз ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.