«Менің таңдауым - менің құқығым» атты пікірсайыс.

«Менің таңдауым - менің құқығым»  атты пікірсайыс.

«Менің таңдауым - менің құқығым» атты пікірсайыс
«Дүниежүзілік сайлау күні» қарсаңында, Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі мен сайлау заңнамасын насихаттауға, сайлауда дауыс берудің маңыздылығын, құқықтары мен міндеттерін жастардың санасына сіңіру, жастардың азаматтық ұстанымдары мен көшбасшылық қасиеттерін дамыту мақсатында, "Абай колледжі" КММ-де аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері аталған оқу орнының студенттерінің қатысуымен «Менің таңдауым- менің құқығым» атты пікірсайыс қызу пікірталаста өтті. Студенттерге сайлау ұғымы, сайлау құқығы, сайлау жүйесі мен мемлекеттік билікті қалыптастырудағы сайлаудың рөлі туралы түсінік беріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Студенттер аса қызығушылықпен қатысып, өздеріне құнды ақпарат алды.
Пікірсайысқа қатысқа н белсенді студенттер алғыс хатпен және сыйлықтармен марапатталды.