ҚР құрметті спорт қайраткері Манарбек Таутановты еске алуға арналған дзюдо күресінен облыстық ашық турнир өтті.

ҚР құрметті спорт қайраткері Манарбек Таутановты еске алуға арналған дзюдо күресінен облыстық ашық турнир өтті.

2025 жылдың 29-31 қаңтар күндері ҚР құрметті спорт қайраткері, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы, Абай ауданының құрметті азаматы Манарбек Таутановты еске алуға арналған дзюдо күресінен 2011-2012 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнир өтті.

Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, спорт ардагері, ҚР құрметті спорт қайраткері, Абай ауданының құрметті азаматы Бейсен Төлеубаев пен Манарбек Таутановтың жұбайы Гүльмира Таутанова жарыстың ашылу рәсімінде сөз алып, жас спортшыларға жылы лебіздерін білдірді.

Турнирге Өскемен, Семей қалаларынан, Ақсуат, Аягөз, Бородулиха, Көкпекті, Қайнар және Абай аудандарынан 2011-2012 жылы туған 200-ге жуық жас балуан қатысты.