Ақын Төлеген Жанғалиев 75 жасқа толды

Ақын Төлеген Жанғалиев 75 жасқа толды

Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің, Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР мәдениет қайраткері, Абай ауданының Құрметті азаматы ақын Төлеген Жанғалиев 75 жасқа толды.

Осыған орай, Абай атындағы драма театрда «Қарқуар» атты шығармашылық кеш өтті.
Кешке облыс әкімі Нұрлан Тельманұлы, аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, ақынның шәкірттері мен оқырмандары қатысты.

Кештің ашылуында сөз алған Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өз құттықтауын жеткізіп, ақынның иығына шапан жапты. Аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы өзінің жылы лебізін білдіріп, құрмет көрсетті.

Шығармашылық кеште «Дариға-ай» жастар театры әртістерінің қатысуымен «Қарқуар» театрландырылған қойылымы көрсетілді. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің, Қазақстан Жазушылар Одағының құттықтау хаттары оқылды. Бұдан бөлек мерейтой иесінің шәкірті, ақын Қалқаман Сарин, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Дәулет Сейсенұлы сынды бір топ қаламгерлер сахнаға көтеріліп, Төлеген Жанғалиұлына жылы лебіздерін білдірді. Қазақстанның белгілі жазушысы, драматург, аудармашы және қоғам қайраткері Роллан Сейсенбаевтың ақынға арнаған өлеңі оқылды.