
7 желтоқсан «Бірге! Бір толқында!» атты дәстүрлі облыстық жастар форумы өтті.
«Жылдың жас дарыны» номинациясының жеңімпазы Сәдуханов Ерқанат Ерғазыұлын және «Жас отбасы» номинациясында топ жарған Сағынбаевтар отбасын шын жүректен құттықтаймыз!
Форум барысында Абай облысының әкімдігі «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» арнайы жүлделерді табыстау рәсімін өткізді.
Жалпы 7 номинация бойынша марапатқа 80-ге жуық үміткер қатысуға өтінім білдірді. Ауданымыздан қос номинацияда жеңімпаз атануы аудан беделін арттыра түсті.