
Архат ауылында жаңа күрес залы ашылып, дзюдо күресінен аудандық турнир өтті
Архат ауылдық округінде “Қазақстан халқына қолдау” және “Батыр боламын” қоғамдық қорларының қолдауымен спорттық құрал-жабдықтар сатып алынып, жаңа күрес залы ашылды.
Жаңа нысанның ашылуы республика көлемінде жүзеге асырылып жатқан 100 жаңа нысанының бір бөлігі болып табылады.
Салтанатты ашылу шарасында Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдығына орай дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында аудандық турнир ұйымдастырылды. Жарысқа Астана қаласынан келген Ернұр Сабыкенұлы бастаған “Батыр боламын” қоғамдық қорының өкілдері, сондай-ақ спорт майталмандары қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Қазыбек Төлегенұлы Ернұр Сабыкенұлына аудан әкімінің Алғыс хатын және “Құнанбай” төсбелгісін табыстап, спорт саласына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
Жарыс жеңімпаздары арнайы мадақтама грамотасымен және медальдармен марапатталды.