“Ұстаздар династиясы”

“Ұстаздар династиясы”

5 қазан - “Ұстаздар күні” мерекесіне орай ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің баяндамасында “Ұстаздар династиясына” ерекше көңіл бөлінетіндігі туралы айтты.
Сондай-ақ, Абай облысы, Абай ауданында 350 жылдан бері үздіксіз ұстаздық қызметті жалғастырып келе жатқан Асылаевтар әулетін “ұстаздар династиясы” ретінде жақсы білетінін ерекше айтып өтті. Біздің ауданымыздың мақтаныштары Асылаевтар әулетінің ұстаздық жолы туралы күллі қазақ жұрты жақсы біледі. Бұл - біз үшін үлкен құрмет, мәртебе.
Асылаевтар әулетін шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз еленіп, шәкірт тәрбиелеу жолында атқарған қызметтеріңіз құрметке ие бола берсін! Ұстаздар династиясын сөндірмей,ұрпақтарыңыз жалғастырып, ұлылар елінің ұландарын білім нәрімен сусындатып, биіктерді бағындырсын!