
1 қазан - халықаралық қарттар күні мерекесіне орай аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы ғасыр жасаған Күләш апаның және торқалы тоқсан жасқа келген Камалжан Қондыбайұлының, Орниса Ниязованың, Кеңесбек Бәстайұлының, Мұғалқан Теміровтың шаңырағына арнайы барды.
Аудан әкімі айтулы мерекемен құттықтап, қазыналы қарттарға құрмет көрсетіп, арнайы сый-сияпат жасады.
Өз кезегінде құрметке бөленген қариялар да ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.