
🔹Аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы Көкбай ауылында салынып жатқан бірнеше құрылыс нысандарының жұмысын бақылап көрді.
🔹Ең алдымен, спорт модулінің қазіргі жұмыс қарқынын, құрылыс сапасын қадағалап, тиісті сала басшыларына және мердігерге пайдалануға берілгеннен кейін кемшіліктер орын алмауын тапсырды. Сондай-ақ, мердігерге құрылысқа қатысты бірқатар ескертпелер жасап, сапасына баса мән беруді тапсырды.
🔹Осыдан кейін, «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысы жұмыстарына бақылау жүргізді. Қазіргі уақытта ауылда қос пәтерлі екі тұрғын үй салынуда.
🔹Облыс әкімінің қолдауымен салынған балалар ойын алаңында болып, ауыл балаларына қолайлы болу мақсатында көгал жаюды тапсырды.