
Бүгін аудан әкімі жұмыс кестеге сәйкес «Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы» аясында жасалып жатқан жұмыстарды тексеру мақсатында жиналыс өткізді. Жалпы алғанда бүгінгі күнге дейін Абай ауданында аталған бағдарлама аясында 29 нысанда құрылыс жұмысы жүргізіліп жатыр. Сол жұмыстарды жақсарту мақсатында жауапты мердігерлер мен ауыл әкімдері қатысқан жиын өтті. Жиналыс барысында Медеу ауылдық округі, Көкбай, Қасқабұлақ ауылдарындағы санитарлық кәріз жүйелерінің жұмысын, Тақыр өзенінің бойындағы көпір жұмысы, Қарауыл ауылындағы жол жөндеу, жарықтандыру жұмыстарын шілде айының соңына дейін сапалы аяқтау тапсырылды. Ертеңгі күнен бастап барлық нысандарды аудан әкімінің орынбасарымен бірге бірнеше жауапты адамдарға тағы да бір қабат тексеріп шығу жүктелді.