Құрметті Абай ауданының тұрғындары! Жаз айларынды ауа температурасы жоғарылап, күн қатты ысып кетеді. Ыстық ауа райы өзімен бірге бірқатар қиындықтар мен денсаулыққа қауіптер әкеледі.

Құрметті Абай ауданының тұрғындары! Жаз айларынды ауа температурасы жоғарылап, күн қатты ысып кетеді. Ыстық ауа райы өзімен бірге бірқатар қиындықтар мен денсаулыққа қауіптер әкеледі.

Құрметті Абай ауданының тұрғындары!
Жаз айларынды ауа температурасы жоғарылап, күн қатты ысып кетеді. Ыстық ауа райы өзімен бірге бірқатар қиындықтар мен денсаулыққа қауіптер әкеледі. Адам ағзасы жоғарғы температураға бейімделу үшін көп күш жұмсайды, сондықтан ыстық күндері денсаулықты сақтау маңызды.
Ыстық ауа райының зияны :
1 Сусыздану ( дегидратация):
Ыстық күндері адам денесінен тер арқылы көп мөлшерде су шығады. Егер бұл жоғалтылған судың орнын толтырып отырмаса, дене сусызданып, бас айналу, әлсіздік және тіпті естен тануға дейін апарады.
2 Жүрек – қан тамырлары ауруларының асқынулары:
Жүрек қан- тамырлары ыстық ауа райында қан айналымы жүйесі тезірек жұмыс істеуге мәжбүр болады , бұл жүрекке қосымша жүк түсіреді. Бұл жүрек аурулары бар адамдарға өте қауіпті
3 Жылу соққысы :
Бұл күй адам денесінің қалыпты температураны ұстай алмауынан болады. Жылу соққысы кезінде дене қызуы 40 градустан жоғары көтеріліп, адам өміріне қауіп төнеді. Бұл жағдайда жедел медициналық көмек қажет
Алдын алу шаралары :
Ыстық күндері суды жиі ішіп отыру қажет. Газды сусындардан бас тартып таза су немесе минералды су пайдалы.

Тікелей күн астында ұзақ болудан аулақ болыңыз.Көлеңкеде немесе салқын жерде болуға тырысыңыз .
Мүмкіндігінше жеңіл, табиғи материалдан жасалған киім кию керек. Жеңіл киім дененің тыныс алуына мүмкіндік береді және терлеуді азайтады.
Күннен қорғайтын кремдер теріні ультракүлгін сәулелерден қорғауға көмектеседі, сондықтан сақтану үшін крем жағып жүріңіздер.
Жеңіл және тез қорытылатын тағамдарды тұтыну маңызды. Майлы және ауыр тағамдардан аулақ болыңыз!