
Құрметті жерлестер!
🔹Бүгін аудан орталығы Қарауыл ауылындағы «Шыңғыстау» спорт кешенінде Абай ауданының әкімі Мейіржан Серікбосынұлының қолдауымен, Абай ауданының әкімінің аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Бурхан Нұрланұлының ұйымдастыруымен «Абай ауданының мемлекеттік қызмет барысы - 2024» атты мемлекеттік қызметшілер арасында қазақ күресінен аудандық жарыс өтті.
🔹Жарыстың мақсаты: Абай ауданында ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру қағидаттарын насихаттау, мемлекеттік қызметшілерді спортқа баулу және өзара ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасты нығайту.
♦️Жарыс 2 салмақ дәрежесінде өтті:
I салмақ дәрежесі – 82 кг дейін.
II салмақ дәрежесі – 82 кг жоғары.
🔹Басекеге толы жарыс қорытындысы бойынша:
♦️82 кг дейін салмақта І орынды – Абай ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Сағындықов Еркебұлан;
ІІ орынды – Саржал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Болатов Ерзат;
ІІІ орынды – Абай ауданының өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Қыдырмин Айбек иеленсе;
♦️82 кг жоғары салмақта І орынды – Абай ауданының өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Құсайын Қуандық;
ІІ орынды – Абай ауданының полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының полицейі Шабаз Мерей;
ІІІ орынды – Архат ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Рымжанов Ернұр өз қанжығасына байлады.