Аудан орталығының көшелеріндегі жол жөндеу жұмыстары

Аудан орталығының көшелеріндегі жол жөндеу жұмыстары

Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, мердігер компания «ОблШығысЖол» ЖШС аудан орталығының көшелеріндегі жол жөндеу жұмыстарын бастаған еді. Соның нәтижесінде ағымдағы айда Әйгерім көшесінде - 2 шақырым , Мамай көшесінде - 0,6 шақырым, Бекбосын көшесінде - 1,4 шақырым жол жөндеуден өтіп, асфальт төселді. Сондай –ақ Ұлжан көшесінде де - 0,7 шақырым жолдың жөндеуі басталды. Енді "Жұмыспен қамту" бағдарламасы аясында Тоқтамыс көшесі жөнделеді. Көкбай ауылында Шәкəрім және Көкбай көшелері, Кеңгірбай би ауылында Айпара көшесі, Құндызды ауылында Ақтамберді көшесі, Саржал ауылында Матаев көшесіндегі жол жөндеуден өтіп, асфальт төселетін болады. Бұл жұмыстардың барлығы Абай атамыздың мерейтойы қарсаңында атқарылып жатыр. Игі істер ел көңілінен шығары сөзсіз.