
Бүгін аудан әкімі кезекті жұмыс сапарымен Архат және Орда ауылдарында болды. Орда ауылында мемлекеттік бағдарлама бойынша блокты модулді станция (БМС) қою жоспарланған. Соған сәйкес ұңғыма қойылды. Келесі айдан бастап блокты модулді станция (БМС) қойылады. Осыған орай Орда ауылында тағы да қосымша 4 су колонкасын қою жоспарда бар. Аталған жұмыстар бойынша қосымша тапсырмалар берілді. Сондай-ақ Ордадағы мектепке «Жұмыспен қамту» бағдарламасына сәйкес спорт залында күрделі жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Аталған екі нысан бойынша жұмыс қарқыны құптарлық. Сонымен қатар «Жұмыспен қамту» бағдарламасына сəйкес санитарлық кәріз жүйелерінің жасалу жұмысын қадағалап, тиісті басшыларға тапсырма беріп, шілде айының соңында сапалы аяқтауды міндеттеді.
Сондай-ақ Архат ауылында жаңадан іске қосылған «ШығысМұнай» ЖШС жанармай құю станциясының (ЖҚС) жұмысы ауыл тұрғындарының көңілінен шығуда. Аи-92 бензині 155 теңге, дизель жанар - жағармайы 185 теңгеден сатылуда. «Жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында су құбырларының бүлінген тұстарын - 1.3 шақырым жерді ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жердегі жұмыс та көңілге қонымды. «Жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында мектептің шатыры толығымен ауыстырылып , жұмыс аяқталған. Осы бағдарлама бойынша санитарлық кәріз жүйелерін шілде айының соңында аяқталады деп күтілуде. «Жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында мектеп толығымен заман талабына сай жабдықталады. Іс-сапар барысында аудан басшысы ауылдағы өрт сендіру мекемесінің жұмысымен танысып, берген тапсырмаларға сәйкес өртке қарсы құрал-жабдықтар толық қамтылған. Жəне де ауылдық дəрігерлік амбулаториялық мекемесінің жұмыстарымен танысты. Архат ауылдық округінің тазалығы, аудандағы басқа ауылдарға үлгі болатындай.