Құрметті жерлестер! Бүгін Абай ауданында Алғыс айту күнімен қатар құрылтай өтті.

Құрметті жерлестер! Бүгін Абай ауданында Алғыс айту күнімен қатар құрылтай өтті.

Құрметті жерлестер!

♦️Бүгін Абай ауданында Алғыс айту күнімен қатар құрылтай өтті.

🔹️Абай ауданынан шыққан атымтай жомарт азаматтар туған жерлеріне келіп, жиынға қатысты.
Келген қонақтар ең алдымен Құнанбай бабамыздың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, баба рухына тағзым етті.

🔹️Аудандық Мәдениет үйінің алдында “Нұр-сана” халықтық орталығының ардақты аналары шашу шашып, “Қаламқас” халық ән-би ансамблінің әртістері керемет көңіл күймен қонақтарымызды қарсы алды.

🔹️Мерекелік шара Абай атамыздың “Айттым, сәлем Қаламқас” атты тамаша әнімен бастау алып, аудан әкімі Мейржан Серікбосынұлының халыққа алғыс білдіре отырып құттықтауымен жалғасты.

🔹️Аудан әкімі 2024 жылдың 14-15 маусым күндеріне жоспарланып отырған Құнанбай қажы Өскенбайұлының тойының өту барысымен таныстырды.

🔹️Жиын барысында қор туралы реквизиттер қойылып, комиссия мүшелері тағайындалып, дауысқа салып бекітілді.

🔹️Алғыс айту күнімен қатар ауданымызда баба тойына ақылдасу жиыны өтіп, мәмілеге келіп, тойды жоғары деңгейде атап өту жөнінде жоспар құрылды.