Ораза айт қабыл болсын!

Ораза айт қабыл болсын!

Құрметті ауылдастар! Барлықтарыңызды қасиетті Рамазан айында Ораза айтының келуімен құттықтаймын. Рамазан – құлшылық пен сабыр, береке мен бірлік, мейірім мен қайырымдылық айы болса, үш күн бойы тойланатын Ораза айт мейрамы – адамдардың көңіліне көктем сыйлап, жанын жадырататын ұлық мереке. Баршаңызды Ислам үмбетінің ең қасиетті де ұлық мерекесі – Ораза айт мейрамымен құттықтаймын! Еңбектеген сәбиден еңкейген қарияға дейін барша мұсылман шат-шадыман қуанышқа бөленетін бұл мейрам Қазақстан жұртшылығына да құт - береке, ынтымақ, ырыс әкелсін! Алла тағала Рамазан айында ұстаған оразаларымыз бен құлшылық - ғибадаттарымызды қабыл етсін.  Халқымыздың ынтымақ - бірлігін арттырып, ырыс - несібесін адалынан молайтып, дінімізге қуат берсін. Барша мұсылман қауымды шын жүректен құттықтаймын!