Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!
Қадірлі жерлестер!
Ұлы Абай бабамыздың 175 жылдық мерейтойы жақындады. Мерейтойды жоғары деңгейде өткізу мақсатында жұмыс жоспарына сәйкес қарқынды жұмыстар атқарылуда. «Қонақ аз отырып, көп сынайды» дегендей Абай еліне келуші қонақтар осы елдің тұрмысына, мәдениеті мен өнеріне, қонақжайлығы, салт-дәстүріне, ауылдарының тазалығына қарап, бүгінгі Абай ұрпақтарына баға берері сөзсіз. Мерейтойды абыроймен жоғары деңгейде өткізуге атсалысу бәріміздің азаматтық борышымыз. Әрбір ауыл тұрғыны өзін Абай ұрпағымын деп жүрегімен сезініп, тұрған үй мекен-жайларын таза ұстап, үй қоршауларын, сырт алаңдарын ағарту, бояу жұмыстарын эстетикалық талапқа сай жүргізсе. Сіздердің бұл жұмыстарыңыз - тойға қосқан үлестеріңіз, көмектеріңіз болар еді. Бәріңізді үйлеріңіздің сырт келбетін тазартуға шақырамын.