«Парасатты қоғам – жемқорлыққа қарсы иммунитет» эссе жазудан конкурс

«Парасатты қоғам – жемқорлыққа қарсы иммунитет» эссе жазудан конкурс

Абай облысының халқы арасында сыбайлас жемқорлық және құқықтық мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың сәуір айында ауданның мектеп оқушылары арасында «Парасатты қоғам – жемқорлыққа қарсы иммунитет» эссе жазудан конкурс ұйымдастырылды.

Конкурс бойынша аудандық білім бөлімі мен жастар ресурстық орталығының мамандарынан құралған комиссия эсселерді тексеріп, қорытындысы бойынша жеңімпаздарды анықтады.

Барлық қатысушылар алғыс хатпен және жүлделі орын алған оқушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.