Тұрғын үйлердің иелеріне өрт қауіпсіздік ереже талаптарын қатаң сақтаулары айтылып жадынамалар таратылып берілді

Тұрғын үйлердің иелеріне өрт қауіпсіздік ереже талаптарын қатаң сақтаулары айтылып жадынамалар таратылып берілді

Құрметті жерлестер!

Жастар ресурстық орталығының еріктілері 2023 жылдың 18 қарашасында Абай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және Қарауыл ауылының №17-ӨСБ қызметкерлері, Абай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп «Жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін сақтау» бойынша жеке тұрғын үй секторларындағы иіс тиюмен өрттердің алдын алу мақсатында Қарауыл ауылында профилактикалық рейдтік жұмыстар жүргізді.

Рейдтік іс-шаралар барысында көп балалы аналар мен жалғыз басты қарт адамдарға, сонымен қатар мүгедектігі бар азаматтардың үйлеріне ерекше көңіл бөлініп улы газдан сақтандыру датчиктері (газоанализаторлар) орнатылды. Тұрғын үйлердің иелеріне өрт қауіпсіздік ереже талаптарын қатаң сақтаулары айтылып жадынамалар таратылып берілді. Аталған бағыттағы жұмыстар ары қарай жалғасатын болады.