Абай  облысы, Абай ауданы мәслихатының аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жаңа құрамын қалыптастыру туралы

Абай  облысы, Абай ауданы мәслихатының аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жаңа құрамын қалыптастыру туралы

Абай  облысы, Абай ауданы мәслихатының аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жаңа құрамын қалыптастыру туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабының, 13-бабының, 17-бабының ережелеріне сәйкес Абай облысы, Абай ауданының мәслихаты аумақтық және 13 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыратыны туралы хабарлайды.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жеті мүшеден тұрады.

Сайлау комиссиясы өкілеттігінің мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын басқа қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, басқа қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптасатын комиссиядан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2023 жылғы 10 қарашадан 1 желтоқсанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтерді;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысан бойынша тиісті маслихатқа жолданған өтініші.

Сайлау комиссияларының құрамдарына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштің нысандары мәслихаттың сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс.

Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне белгіленген, аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерін бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында сайлау туралы заңнаманы білуге арналған тестілеуден кіші жүйе арқылы өткені туралы сертификаты  болуға тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауы тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлекаға-інілері мен ап-сіңіллері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз нысанда ұсынылатын барлық құжаттар қол қойылып, мөрмен расталуы тиіс және орындалған күні, орындаушы туралы белгі тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетіліп ұсынылуы тиіс.

Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 1 желтоқсанға дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін.

 

Абай аудандық мәслихаты

 

Нұрсұлтанұлы Мақсат – Абай ауданының мәслихат төрағасы.

Мәслихаттың тұрған орны: Қарауыл ауылы, Құнабай көшесі 14.

Жауапты тұлға – Махат Ербол  Мұхтарбекұлы, № 21каб, аудандық телефон коды (872252), 9-21-85, 8-701-605-60-12, электрондық пошта мекенжайы: maslihatabay@mail.ru

 

  Абай аудандық мәслихаты аудандық аумақтық сайлау комиссиясының  

       мүшелерін және 13 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:

 

№ р/б

Комиссияның түрі

Сайлау комиссиясының тұрған орны

 

Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

1

2

3

4

 

Абай аудандық мәслихаты аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

                                              мүшелерін сайлайды:

 

 

Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы № 1

Қарауыл ауылы,  Ералы көшесі №4

Абай облысы білім басқармасының «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

7

 

Участкелік сайлау комиссиялары– 13

 

1.                   

№ 162

Қарауыл ауылы, Мамай көшесі, №40 Мәдениет үйі.

7

2.                   

№ 163

Қарауыл ауылы, Бекбосынов көшесі, №40                  «Абай» колледжі.

7

3.                   

№ 164

Қарауыл ауылы, Молдагалиев көшесі №34, Жастар үйі.

7

4.                   

№ 165

Қарауыл ауылы , Молдагалиев көшесі №13, аудандық ІІД

5

5.                   

№ 166

Кеңгірбай би ауылы, Сүндетбай көшесі №13,    Шәкәрім атындағы орта мектебі

7

6.                   

№ 167

 

Көкбай ауылы, Көкбай көшесі №15,

Көкбай атындағы орта мектебі.

7

7.                   

№ 168

 

Кұндызды ауылы,Ш.Әбенов көшесі №2,  ШӘбенов атындағы орта мектебі.

7

8.                   

№ 169

Архат ауылы, Мамай көшесі – 30, Бекбосынов атындағы орта мектебі.

7

9.                   

№ 170

Орда ауылы, Мырзабеков көшесі  №44, Мамай атындағы негізгі орта мектебі

7

10.               

№ 171

 

Қасқабулақ ауылы, Абай көшесі №30, М.Әуезов атындағы орта мектебі.

7

11.               

№ 172

Саржал ауылы, Ж.Жакин көшесі №48, Тоқжігітов атындағы орта мектебі.

7

12.               

№ 173

Токтамыс ауылы,ШӘзімбаев көшесі №30,  Молдағалиев атындағы орта мектебі.

7

13.               

№ 174

Медеу ауылы, Тұрағұл.Абайұлы көшесі №13, Медеу  атындағы орта мектебі.

7

 

                                                                                                           Абай аудандық мәслихаты