Жастар ресурстық орталығының ауыспалы кубогі жүлдесі үшін Шәкәрім атындағы орта мектебінде Абай ауданының жас ұстаздары арасында кезекті «QUIZ» зияткерлік ойыны өтті.

Жастар ресурстық орталығының ауыспалы кубогі жүлдесі үшін Шәкәрім атындағы орта мектебінде Абай ауданының жас ұстаздары арасында кезекті «QUIZ» зияткерлік ойыны өтті.

Құрметті жерлестер!

Жастар ресурстық орталығының ауыспалы кубогі жүлдесі үшін Шәкәрім атындағы орта мектебінде Абай ауданының жас ұстаздары арасында кезекті «QUIZ» зияткерлік ойыны өтті.

Аудан жастарына білім мен бірлік жарасым тапқан, достық пен таныстыққа бағытталған жағымды орта қалыптастыру мақсатында ұйымдастырған шараға Абай атындағы ММГИ, ЖОББМ, Қарауыл гимназиясы, Ш.Әбенов атындағы орта мектебі, С.Бекбосынов атындағы орта мектебі, Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебінен жиыны 8 команда қатысып, бақ сынады.

Тартысты да, қызықты дода нәтижесінде:
І орын – Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектептің командасы жеңімпаз атанды.
ІІ орын – ЖОББМ командасы
ІІІ орын – Қарауыл гимназиясының командасы иеленді.

Жүлделі орындарға ие болған командаларды дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапаттап, жеңімпаз командаға ауыспалы кубок табысталды.

Келесі «QUIZ» зияткерлік ойыны ауыспалы кубоктың иегері Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектепте @sarzhal.mektep өтеді.