Құрметті жерлестер!
«Аягөз – Қараул – Семей – Қайнар» облыстық маңызы бар автомобиль жолының учаскесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жөнделіп жатқан участок 154-174 км аралығы. 20 шақырым жол жөнделуде.
Осы 20 шақырым жолдың 15 шақырымына асфальт төселді. Енді 5 шақырым жолды асфальттау жұмысы қалды.
Жолды жөндеп жатқан мекеме Мердігер - "Семей жолдары" ЖШС.
Тас жолының жөнделгені халық үшін игі іс болды. Көлікпен қатынау барысында жолдың асфальтының нашарлығы,кедергілігі халыққа қиындықтар тудыратын.
Жөндеу жұмыстарынан кейін адамдардың қатынауы арта түседі.