Құрметті жерлестер!
Абай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мұратов Бурхан Нұрланұлы «Республика күні» мерекесіне орай өзінің ұжымының қызметкерлерін, атап айтсақ, ауданның ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық мәдениет үйі, аудандық кітапхана, жастар ресурстық орталығы, «Абай елі» газетінің ұжымының қызметкерлерін марапаттады.
Қызметкерлерге Абай облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы А.Садырбаев, Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысының міндетін атқарушы Е.Бексұлтанов, «Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын табыстады.
Абай ауданының халқы үшін адал қызмет етіп, еліміздің саясатына етене араласып, білімі мен білгірлігін ұштастыра білген қызметкерлерімізге еңбектеріне табыс, отбасыларына амандық тілейміз!