
Құрметті жерлестер!
Аудан әкімі Нұржан Оразбекұлы жұмыс кестесіне сәйкес Көкбай ауылына барып, тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан су, шөп мәселелері және көмірдің бағасына байланысты сұрақтар болды.
Жалпы кездесу өткеннен кейін тұрғындарды жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдауда болған тұрғындар тарапынан жұмыс мәселесі бойынша сұрақ қойылды.
Тұрғындармен кездесу өткізгеннен кейін Көкбай ауылында құрылыс жұмысы жүргізіліп жатқан спорт модулінің құрылыс барысын көрді.
Сонымен қатар, қос пәтерлі екі үйдің құрылыс жұмыстарын қадағалап, мердігер ұйымға жоспарланған уақытта бітіруін, жұмыстың сапалы орындалуын тапсырды.
Көкбай ауылына қарасты “Әзберген” және “Қуат” шаруа қожалықтарын аралап, қыстамаға дайындық барысын көрді.
Көкбай ауылының тыныс-тіршілігін көріп, жұмыстардың жүйелі әрі сапалы орындалуын тексеріп, ауыл тұрғындарының көкейкесті сұрақтарына жауап берілді.