Ұлы Жеңістің қаһарман ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмек көрсетілді.

Ұлы Жеңістің қаһарман ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмек көрсетілді.

Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Жеңістің қаһарман ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің қоғамдағы рөлін айшықтап, оларға лайықты құрмет көрсету керектігін ұдайы айтып келеді.
Осыған орай бүгін «Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» атты партиялық бағдарламасы негізінде және #Бізбіргеміз атты республикамыз бойынша өтіп жатқан қайырымдылық акциясы аясында "Біргеміз - Шығыс" қайырымдылық қоры арқылы облысымыздың барлық аудандарында Ұлы Отан Соғысының және тыл ардагерлеріне арнап, 9 мамыр Жеңіс күні қарсаңында азық-түлік корзиналары таратылуда.
Абай ауданы бойынша жиыны 124 тыл ардагерлеріне де аталмыш қолдау жасау жұмыстары басталды. Осыған орай соғыс уақытында тылда еңбек еткен, елге елеулі тыл ардагерлерін мерекемен құттықтап, сый - сияпат жасалды.